01-11-2021
Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әртүрлі сезімін бейнелеп, паш етеді. Қазақ халқы мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер.
Ұлттық асыл құндылықтарды дәріптеу, қолөнер шеберлігін дамыту, салтымыз бен дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Ақниет» вокалдық ансамблінің қатысушысы Әлия Әбілқайырова және «Ақ босаға» вокалдық ансамблінің қатысушысы Дариға Смагулова Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттеріне арнайы шеберлік сыныбын өткізді.
Саусағынан өнер тамған әжелердің жас буынға берері мол болды. Аға – буын өкілдері сәндік – қолданбалы өнер туындылары қазақы нақыштағы ою – өрнектен ойып жасалған көрпешелер, қыз жасаулары, тоқыма заттар мен қойдың жүнінен жасалған суреттер, моншақтан тізілген кәдесыйлар жасаудың қыр – сырымен таныстырды.
Бұл шеберлік сыныбы ата – бабадан мұра болып қалған тарихи дәстүрімізді жаңғыртып, жастар арасында насихаттауға зор үлесін тигізді. Ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген әжелердің еңбектері ұшан –теңіз!