18-01-2018
Ағымдағы жылдың 18 қаңтары күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында Өскемен қалалық Ақсақалдар алқасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарында жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылады. Отырыс барысында сөз алған Өскемен қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы С.А.Аухадиев Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, жаңа бастама — «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» мемлекетімізді баянды белестерге бастайды деп сенеміз. Отырыс соңында дөңгелек үстелге қатысушы ақсақалдар Елбасының қандайда болмасын кез - келген бастамасын әруақытта қолдайтындықтарын жеткізді.