Өскемен қаласының азаматтық келісім форумы өтті

10-11-2017

Өскемен қаласының азаматтық келісім форумы өтті

Жыл басында халыққа жол тартқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына іске асыру барысында облыс көлемінде бір қатар шаруалар атқарылуда.Бүгін Өскемен қаласы әкімдігі мен қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Өскемен қаласының азаматтық келісім форумы» өтті.Шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О. А Булавкина, ҚР  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы,   Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков  және этномәдени бірлестік мүшелері, сондай –ақ  өзгеде ұйымдардың басшылары мен өңірлік Азаматтық қоғам және дін істері басқармасының өкілдері қатысты.ҚР  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры А. Әбдірәсілқызы өз сөзінде қазіргі уақытта дін  саласына байланысты түрлі әдістемелік құралдардың жарық көріп жатқандығына тоқтала келе, сан ғасырлық тарихы бар рухани қазынамызды көзіміздің қарашығындай қорғай отырып, келешек ұрпаққа табыстауымыз керек деді. Жиын барысында рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде еліміздегі рухани байлықтарымызды түбегейлі жаңғыртуды қолға алу керектігі айтылды. Отырыс соңында Өскемен қаласы әкімдігі мен  «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» және өзгеде бір қатар мекемелер «Руғани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында   өзара келісім меморандумына қол қойды.