19-12-2022
Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығында біз «Шығыс--Қазақстан Мұсылман Әйелдері» Қоғамдық Бірлестігінің 30 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Шара барысында «Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығының» басшысы Эльдар Төлеубекұлы, Қазақстан Мұсылман Әйелдері Қоғамдық Бірлестігінің бірінші Төрайымы Етекбаева Гүлбаран, ШҚО Қоғамдық даму басқармасы, Дін бөлімінің бас маманы - Бахтияров Салим , Абай атындағы Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжі директоры Құрманов Фархад Сақанұлы сөз сөйлеп, «Шығыс--Қазақстан Мұсылман Әйелдері» Қоғамдық Бірлестігін мерейтойымен құттықтады.
Мерейтой барысында этномәдени бірлестіктер дайындаған мерекелік номерлер көрсетіліп, қонақтардың көңілін көтерді.
«30 жыл бойы біздің апайымыз Етекбаева Гүлбаран осы бірлестікті басқарып, осы күнге дейін шамасына қарай, белсенді болып жүр. Қоғамға қосқан үлесі зор. 80 жасқа келсе де, тыным таппай, міне қолын да сындырып алды. Ол кісіге алғысымызды айтамыз», - деп тілегін білдірді шара қонағы.