31-мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Нәубат жылдар жадымызда» тақырыптық кешіне қатысушылардың  Ундеуі

14-08-2014

31-мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Нәубат жылдар жадымызда» тақырыптық кешіне қатысушылардың Ундеуі

31-мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Нәубат жылдар жадымызда» тақырыптық кешіне қатысушылардың Ундеуі 31 мамыр 2013 жыл.                                                                    Өскемен қаласы Біздер, «31 мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған «Нәубат жылдар жадымызда» тақырыптық кешіне қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының барлық жұртшылығы мен облыстың, аудандардың азаматтық қоғам институттары өкілдеріне, мемлекеттік билік құрылымдарына «Баянды болашақ жолындағы естелік» тақырыбымен шаралар өткізуді қолдауға шақырамыз.Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Саяси қуғын –сүргін құрбанларын жаппай ақтау туралы» 5 сәуір 1997 жылғы Жарлығы нәубат жылдары жазықсыз жапа шекгіп, құрбан болған аға ұрпақ өкілдерін еске алып, олардың есімін құрметтеуге құқықтық толық негіз береді. Өткен ақтаңдақ жылдардың саяси астарын негіздеген осы мемлекеттік заң күшіндегі құжат қабылданған уақыттан бастап, 31 мамыр «Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде жыл сайын атап өтіліп келеді.Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, өткізіп отырған тақырыптық шараға қатысушылар тәуелсіз Қазақстан жүргізіп отырған саяси бейбіт ұстанымдарды, ұлтаралық келісім мен бірлікті жақтайтынымызды және оны дамыту жолындағы 2050 жылға арналған кешенді бағдарламаларды кеңінен қолдайтынымызды білдіреміз.«Нәубат жылдар жадымызда» тақырыптық шараға қатысушы ғалымдар, облыс орталығы азаматтық қоғам институтарының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері өңірімізде орын алған саяси қуғын-сүргін жылдарының тарихи тауқіметі әлі де зерттелуі керек деп есептейді. Осы бағытта ғылыми практикалық конференциялар, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жазықсыз жапа шеккен құрбандар ұрпақтарымен кездесулер өткізу, бұқаралық ақпараттық құралдардың жарияланымдары, кітаптар, жаршылық басылымдар шығару шаралары кеңінен ұйымдастырылуы тиіс.Қазақстан тәуелсіздігінің баянды болашағы жолындағы асқаралы ісімізде жаппай саяси-қуғын сүргін құрбандарының есімі ұмыт қалуға тиіс емес. Жазықсыз жапа щеккен аға ұрпақтың есімдерін мәңгілік өңір тарихында қалтыру үшін Өскемен қаласында саяси қуғын-сүргін құрабандарына арнап Ескерткіш орнатуды ұсынамыз. Алаш қозғалысының тарихи орталығы болған Семей қаласында мемлекет құрушы ұлттың тәуелсіздігі жолында құрбан болған «Алаш арыстарына» арналған мемориалды кесене ашу жөнінде Үндеу жариялаймыз.