14-08-2014
31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Үстіміздегі жылдың 31 мамыры күні облыстық халықтар Достық үйінде Кеңес үкіметінің 36-38 жылдары жүргізген солақай саясатының арқасында жаппай қудалауға ұшыраған қуғын-сүргін құрбандарына арналған еске алу кеші өтті.
Бұл жылдар барлық Кеңес халқының басына төнген нәубет, қайғы болды. Интелегенциядан бастап, қарапайым жұмысшыға дейін осы тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Тек, олар ғана емес, олардың отбасы да зардап шекті, әйелдері «халық жауының әйелі», балалары «халық жауының баласы» деген атқа ие болып, жазықсыз жаппа шегіп, түрмеге жабылды.
Сол жылдары Кеңес үкіметінде репрессияға ұшырағандар отырған 953 лагерь жұмыс істеді. Халық жауының әйелдері отырған «Карлаг», «Алжир» Қазақстан жерінде орналасты. Бұл нәубет қазақ халқын да айналып өтпеді. Сондықтан бұл күннің Қазақстан үшін маңызы ерекше. Кеште Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың доценті Г.И. Панковская, Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.Р. Бакинова баяндама жасады. Ал неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Е.В. Шумахер, шешен этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.А. Кагерманова сөз сөйледі.
Іс-шара кезінде Чайковский, Рахманинов шығармаларынан, қазақ күйлерінен музыкалық шағын концерт берілді.