31-05-2022
Қазақстанда саяси қуған-сүргін мен ашаршылық кезеңіне қатысты әлі ашылмаған деректер баршылық. Әр өңірдің өзі жеріне қатысты тарихи деректері болатыны белгілі.
Ел өңірлерінде өлкетану, тарихи-өлкетану сынды мұражайлар бар. Сондай мұражайлардың бірі - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейі.
«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» белсенділері мұражайға қонақ болып қайтты. Мұражайдың басты мақсаты - мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, және жаппай қуғын сүргін құрбандарының құжаттарын жинау, таныстыру және насихаттау.
Қоғамдық мәдениетті қалыптастырып, тарих туралы ой-өрісті кеңейтуге мұражай үлкен үлес қосады.