5 тамыз - Медиация күні

05-08-2022

5 тамыз - Медиация күні

Бүгін, 2022 жылы 05 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-де Достық үйінің 30 жылдығын және Бірыңғай медиация күнін мерекелеу аясында, Ашық есік күні өткізілді, оның барысында медиаторлардың азаматтарды қабылдауы жүргізіліп, азаматтар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша құқықтық кеңестер ала алды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде Достық үйінің басшысы Э.Т. Төлеубеков медиаторларды кәсіби мерекелері – Медиация күнімен құттықтап, медиация саласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының негізгі қызметінің бірі екенін атап өтті. Оның мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау, ұлттық бірлік пен толеранттылықты нығайту. Медиаторларға – кәсіби медиатор, «ULAN» медиация және құқық орталығы ҚБ жетекшісі – Т.З. Танекеноваға, «Ұлттық медиаторлар палатасының» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры, кәсіби медиатор, тренер-медиатор – М.И. Дячукке, кәсіби медиатор, «Альтернатива» ШҚО медиация және құқық орталығының» басшысы – А.А. Каленоваға, тренер-нұсқаушы, кәсіби медиатор, «Шаңырақ» медиация орталығының басшысы – Е.А. Абдрахмановаға Шығыс Қазақстан облысында медиацияны дамытуға қосқан елеулі үлестері және Қазақстан халқы Ассамблеясымен, жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған, көпжылдық жемісті бірлескен еңбектері үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ шараға қатысушылар онлайн форматта Қазақстан Республикасы ҚХА Медиация кеңесінің отырысына қатысты.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.