28-05-2022
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында "Еркетай" ансамблінің құрылғанына 7 жыл толуына орай мерекелік есептік концерт өтті.
Шара барысында көрермендерге ансамблдің талантты жастары дайындаған билер, мерекелік номерлер көрсетілді. Сонымен қатар бірнеше бидің дебюты жасалынып, көрерменнің көңілінен шықты.
"Мерекелік концерт өте жоғарғы деңгейде өтті. Жас бишілердің өнерлері мені тәнті етті. Еркетай ансамблінің алар асулары алда" деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.