«Шахмат күні»

15-12-2019

«Шахмат күні»

Тәуелсіздік күні - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген күн. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Бұл айтулы дата бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды мерекелердің бірі болып табылады.

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, шығармашылық ұжымдар және қала тұрғындары қатысты. Өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, ұлттық билерді нақышына келтіріп биледі. Тарихтан сыр шертіліп, тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз баяндалды. Жиналғандар назарына Достық үйінің қалыптасуы мен дамуынан көрініс табатын фото көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында ШҚО ҚХА хатшылығының басшысы Жанна Асқарова Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Геннадий Пусепті мерейтойымен құттықтап, қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Одан бөлек, жыл көлемінде қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан бірлестік өкілдері де назардан тыс қалған жоқ.