
Бүгін «Біле жүріңіз» айдарында татар халқының болмыс-бітімімен таныстырып, олардың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.
Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Татар халқы ежелден қолөнердің алуан түрімен айналысты: сүйектен ойып бұйымдар жасау, металлургиялық өндіріс, мыс өңдеу, құмыра жасау, зергерлік өнер. Асыл металдардан, оларға көгілдір ақық, сердолик, топаз және інжу-маржан сияқты қымбат тастарды орнатып зергерлік әшекейлер жасаған.
Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Жазғы уақытта қақталған және тұздалған ет, сонымен бірге құс етін әсіресе қаз етін дайындаған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т.б. қолданылады.
Татарларда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі мерекелер аз емес. Ең алғашқы көктем мерекесі Наурыз. Шөп шабу, егін жинаудың басталуы мен аяқталуы көңілді мерекеге айналып отырған. Шамамен қыркүйек айының соңында Сембелэ ("масақ, дән") мерекесі тойланған. Бұл мерекеде достар мен туыстардың кездесуі болған. Қазіргі уақытта бұл мереке «Сабантой» деп аталатын басқа мерекемен ұштасып кеткен. Сабантойда түрлі спорттық жарыстар: кір көтеру, бағанаға өрмелеу, су тасу, аяқты байлап қаппен секіру және т.б. өткізілген. Татарлардың кейбір ғұрыптық мерекелері сақталып қалған. Оның ішіндегі «жаңбыр тілеу» жазда құрғақшылық болғанда өткізілген. Бұнда балалар жаңбыр тілеп ән айтып, бір-біріне су құйған.
Басқа ұлттар туралы қызықты мәліметтер білгіңіз келсе, келесі жарияланымдарымызды жіберіп алмаңыз!