Быле журыныз!

14-04-2020

Быле журыныз!

Көпұлтты Қазақстанды мекендейтін әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Сондықтан, «Біле жүріңіз» айдарында этностарға жеке тоқталып, қызықты деректер келтіретін боламыз. Бүгін шешен-ингуш халқы туралы айтамыз.  
- Шешендер, алғашқы атауы - нохчи. Шешендердің тілі кавказдың тілдердің ішінде нахск (вайнахтық) тілдерге жатады. Олар Солтүстік Кавказдың байырғы тұрғындары болып табылады.
 Қазақстанда вайнах этномәдени орталықтары 80-жылдардың соңында құрыла бастады. Вайнах қауымдастығы 1995 жылы 31 наурызында тіркелген. Ал қазіргі уақытта «Вайнах» шешендер мен ингуштардың қауымдастығы құрамына 16 шешен мен ингуш этномәдени бірлестіктері кіреді.
- Шешендер мен ингуштар қонақжайлықты ерекше құрметтейтін халық. Әсіресе, әйел адамдарға, қарт адамдарға ерекше сый-құрмет көрсетеді. Отбасында бала тәрбиесін ең бірінші орынға қояды. Ұл бала әкесінің кез-келген өтінішін орындауға тиісті. Бұл ең басты маңызды дәстүрлері болып табылады. 
- Ал, дәстүрлі тағамдары қазақтың бесбармағына көбірек ұқсайды. Олар құрметті қонаққа арнайы сойылған қой етінен, егер қонақ асығыс болса, күрке тауық немесе тауық етінен дайындалатын ас ұсынады. Етті ірі етіп турап, картоп, көк шөптен дәмдеуіштер қосады. Етке қосып сорпа, жұмыртқа, көк шөп дәмдеуіштері негізінде дайындалған тұздық, одан кейін қонақтың тілегі бойынша сорпа береді. Бұдан басқа етке табаққа салып жүгері немес бидай ұнынан жасалған тұз қосылмаған қамырдан пісірілген («халтымыж») үзік кеспе береді.