Гүлшат Смағулова, "Ақниет" ансамблінің жетекшісі
Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаев халыққа жолдауында ырыс алды ынтымақ – деген нақыл сөзімен халықты ынтымақ бірлік болса алынбайтын қамал жоқ екеніне тоқталып өтті. Жастарды еңбек пен оқудаозат болуға шақырды. Алдыңғы буын ағалар сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады ендігі Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда деп ескетті: «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос» - Абай атамыздың нақыл сөзінен мысал келтірді. Ұлттың денсаулығы және мемлекетіміздің қауіпсіздігі бөлінбейтін ұғым. Үкімет қиындықты жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге халықтың қолдауы қосымша қажет. Мен өз басым халқыммен бірге болғанмын, әліде бірге бола беремін - деді Н.Назарбаев. Мәңгілік ел деген ұлы мақсатты жоғары ұстау арқылы тәуелсіздігімізді сақтай аламыз деді. Дәл қазіргі уақытта халықтың басынан қиын кезең, келген індет пен күресу жүріп жатыр. «Бірге болсақ – алынбайиын қамал жоқ» - деген қанатты сөзбен халықты бірлікке, тәртіпке шақырды. Мен, Ақниет өнер ұжымының әжелері атынан жолдауды құптаймын, қолдаймын.
Біз сіздермен, біргеміз!