27-05-2017
Ағымдағы жылдың 27 мамыры күні «Жастар» саябағында қаламыздың кішкентай ғана тұрғыны Садыкова Анеляның емделуіне арналған қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық шараға жиналған қонақтарға арнап Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдары «Ажарым» ансамблі әннен шашу шашса, «Вайнах» ансамблі, «Улыбка» хореографиялық би топтары мың бұрала биледі. Сонымаен қатар шарада қолөнер бұйымдары мен тәтті торттармен ыстық палаулар көрмесі өтті. Көрмеден түскен қаражаттың барлығы да Анеляның емделуіне жұмсалатын болады. Шараға қатысушылар кішкентай ғана бүлдіршін Анеляның алдағы уақытта емделіп ауыруынан құлан таза сауығып кетесін деген ізгі тілектерін жеткізді.