21-10-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында дәстүрге айналған пікірталас ойыны өтті. Биыл облыстық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа Семей, Өскемен қалаларының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
Аталған шараны «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» жанындағы ғылыми-сараптамалық топ үш тілде жыл сайын өткізіп тұрады. Мақсаты жастар арасында үштілділікті дамыту, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Пікірталас алаңы «Жастар жылы - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өрбіді. Қатысушылар жастарды толғандырып жүрген: «start-up жобалар», бизнес-жоспарларға гранттар бөлу сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Нақты дәлелдер мен дәйектерге сүйене отырып, өз көзқарастары мен пікірлерін тұщымды жеткізе алды.
Нәтижесінде Шәкарім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері үздік деп танылды. Одан бөлек «Үздік спикерлер» анықталып, қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар таратылды.