01-12-2019
1 желтоқсан – қазақстандықтар үшін тарихи маңызы бар күн. Тұңғыш Президент күні мемлекеттік маңызы бар мерекелерге айналып, халық арасында кең көлемде аталып өтіледі. Атаулы мерекеге орай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» қала тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Н. Ә. Назарбаев - ҚР Тұңғыш Президенті, әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Еліміздегі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі, өзара ынтымақ пен тұрақтылықты сақтауы Елбасының сындарлы саясатының арқасында.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты – бейбітшілік пен келісімді сақтау. Тұңғыш Президент бұл мақсаттың орындалуына дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, аянбай еңбек етуде. Осы айтулы мерекеде, мен, барлық қазақстандықтарға ашық аспан, мықты денсаулық тілеп, бейбіт өмірде бірлігіміз жарасып өмір сүре берейік дегім келеді, - деді Элдар Төлеубеков құттықтау сөзінде.
Іс-шарада этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар Елбасы сүйіп тыңдайтын әндері мен ұлттық билерді нақыша келтіріп орындады. Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолынан сыр шертетін бейнероликтер көрсетілді. Өзге ұлт өкілдерінің пастриоттық әндерді қазақ тілінде жүрегімен шырқауы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында барлық өнер көрсеткен өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталды.