Аналар күні

17-12-2019

Аналар күні

Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Қай заманда болмасын, қай ұлт өкілі болмасын ананы ерекше құрметтеген. Соған дәлел, казак халқының «Аналар күнін» кең көлемде атап өтуі.


Екі ғасырдан астам тарихы бар бұл мереке желтоқсанның басында, «Введение во храм Пресвятой Богородицы» атты діни мереке қарсаңында тойланады. Бұл күні аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылады.
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жанындағы казак этномәдени бірлестігі ұйымдастырылған мерекеге көрермендер көп келіп, зал лық толы болды. Ол - казак халқы ұлттық мерекелерін ерекше дәріптейтінінің көрсеткіші екені сөзсіз. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері және өңірімізде тұрып жатқан казак ұлтының өкілдері қатысты. Облыс аудандарынан жиналған өнерпаздар ұлттық әндер айтып, шығармашылық би ұжымдарының бишілері мың бұрала би биледі. Барлық ән шашу «Анаға» арналып, ақын-жазушылар осы тақырыпта қалам тербеген өлең шумақтарын тебірене оқыды. Казак халқының тарихи дастандарынан үзінді оқылып, «Ана» бейнесі мен тұлғасын жан-жақты аша түсті.