06-05-2017
Қазақстан бейбітшілік пен келісімі жарасқан бейбіт аспан астындағы көпұлтты халқы бар мемелекет. Дегенмен, әркім өз ұрпақтарына ата-бабаларының бастан кешкен оқиғаларын, салт-дәстүрлерін, тарихы туралы айта отырып, өз салт дәстүрлерін насихаттауды ұмыт қалдырған емес. Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында шешен-ингуш этномәдени бірлестіктері мен ШҚО корейлер қауымдастығы «Бейбітшілік күні» мерекесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты қиыншылық кезеңдерде қазақ жеріне қоныс аударған жандардың естеліктерімен бөлісу. Шараны ШҚО корейлер Ассоциациясының төрайымы Юлия Кунст ашты. Ол өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстанда тұрып жатқан корей халқы туралы және салт дәстүрін еркін ұстауға құрмет білдірген Қазақ елі туралы айта келе қазақ халқына ризашылығын жеткізді. Қатысушылардың барлығы Қазақстан жерінде басталған тарихи тағдырлары туралы естеліктер айтып, шара соңында, «Жерұйық» атты кинофильмді бірге тамашалады.