Мәжіліс депутаттары этномәдени бірлестік  өкілдерімен кездесті

20-04-2017

Мәжіліс депутаттары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ким Роман Ухенович және Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты А.О.Конуров ШҚО ҚХА этномәдени бірлестік өкілдерімен, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Журналисттер клубы, Жастар лигасы, Меценаттар клубының мүшелерімен кездесу өткізді.Шараны ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ Нұрғазиев ашты. Кездесу барысында депутаттар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылы халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» -деп аталатын жолдауының тиімді тұстарына тоқтала келе, жалпы халықтық талқылауға ұсынылған Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылады. Сонымен қатар депутаттар қоғамдық қабылдау өткізіп тұрғындардың көкей тесті сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің шеішмін табуға ат салысатындықтарын жеткізді.