Балалар - адамзаттың басты мәні!

01-06-2020

Балалар - адамзаттың басты мәні!

 

Балаларды қолдау аясында 1-маусым күні бүкіл Қазақстан бойынша дәстүрлі түрде мерекелік іс-шаралар мен акциялар өтеді. Бүгінде біз де қалыс қалмадық. Осыған орай, Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы онлайн түрдегі концерттік бағдарлама ұйымдастырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы директорының міндетін атқарушы Жанар Ахметкалиевна құттықтау сөздерін айтты: 
- Барлықтарыңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Ең бастысы, еліміз бейбітшілік пен келісімде болсын, балаларымыз әрқашан қамқорлықты сезінзе болғаны. Мерекелік бағдарлама балалардың көңілді би, әуезді ән мен жарық қойылымдарына толы болды. 

 

Сахнада кішкентай бүлдіршіндерден құралған топтар мен этномәдени бірлестіктерден жиналған, сонымен қатар аудандық Достық үйінің жас әртістері өнер көрсетті. Онлайн түрде өткізілген мерекелік іс-шара қонақтары өнерпаздарға тікелей эфирде алғыс білдіріп, шын жүректен, жылулықпен қарсы алып отырды. Сонымен қатар, орыс этномәдени орталығының төрағасы Вера Правдина ШҚО ҚХА еріктілерімен бірге баларды осы тамаша мерекемен құттықтап, мерекелік бағдарламамен Серебрянск қаласындағы балалар үйіне барып қайтты. 
Мерекелік іс-шарамен қатар, балаларды әр түрлі ұлт өкілдерінің суреттері бейнеленген тәтті сый - торт күтіп тұрды. Қатысушы балалардың барлығы қуанып, керемет көңіл-күйде болды.