17-09-2019
Жалпы, қоғам дамыған сайын біздің сөз қорларымызға термин сөздер көптеп ене бастады. Соның бірі медиация термині. Бұл термин латынның «делдалдық ету» деген сөзінен шыққан. Қазіргі таңда аталған сала қарапайым өмірде жиі қолданылуда. Мысалы кәсіпкерлер арасында, отбасында, білім беру мекемелерінде дау-дамай туындаған жағдайда медиаторлар мәлеселенің басын ашып, ымыраға келтіреді.
Өскеменде медиация мамандары түрлі өзекті мәселелерге байланысты семинар-тренингтер өткізіп тұрады. Соның бірі «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі – біздің міндет» атты мектеп оқушыларына арналған шарасы. Семинарға барлық қала мектептерінің оқушылары қатысты. Медиаторлар балалардың жолда жүріп-тұруын, өздерін қалай ұстау керектігін, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы дәріс оқыды. Онымен қоса, өтпелі кезеңдегі қиындықтар туралы сөз қозғап, оқушылар арасында пікір алмасты.
Бұндай шаралар медиаторлар тарапынан ай сайын білім беру мекемелерінде ұйымдастырылады. Оқушылар үшін аталған семинар-тренингтардың берері мол.