05-06-2017
4 маусым күні Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдық мерейтойына орай Ертіс өзенінің жағасындағы Амфитеатрда кең көлемде мерекелік шара өтті. Шараға әскери қызметкерлер және Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын рәміздер мерекесімен арнайы құттықтаған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.Булавкина, көк туымыз көгімізде желбіреп еліміз бейбітшілік пен бірлікте ғарыштап дами берсін деген ізгі тілегін жеткізді. Ел мен жерге арналған патриоттық сарындағы орындалған әсем әндер шараға жиналған көрермен қауымды ерекше сезімге бөледі. Бұл мерекені еліміздің басты қасиетті нышандарына деген құрмет деп қабылдауға болады.