Волонтерлер бас қосты

06-02-2020

Волонтерлер бас қосты

Жақсылық жасаудан жалықпайтын ШҚО ҚХА волонтерлері Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында бас қосып, алдағы уақытқа жоспар құрды.

Кездесу барысында волонтерлер қатарына жаңа волонтерлер қосылып, жастар бір-бірімен жақынырақ танысты. Қайырымдылық іс-шараларына жоспар құра отырып, екпінділер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына баруды жөн көрді. Себебі, жасөспірім кезеңде олардың тұлға болып қалыптасуына, дұрыс жолға түсуіне ықпал жасау маңызды. Сондықтан волонтерлер жас тәрбиеленушілерге ерік-жігер туралы тренингтар, семинарлар өткізіп, музыкалық аспаптарда ойнауды үйретуді шешті.

Жиналғандар бұл ұсынысқа қуана келісті. Өйткені, олар бұған дейін бірнеше қайырымдылық акцияларын ұйымдастырған. Волонтерлер осы қыста қала тұрғындарына қалың қарды тазалауға көмектесті. Қарттар мен интернат маңайын айнадай етіп, алғысқа бөленді. Енді қайырымдылық жасауды одан әрі жалғастырмақ ниетте.

Волонтерлер қайырымдылық жасаудан бөлек, өздері де жан-жақты дамиды. Әр жиналған сайын жаңа білім мен дағдыны игеріп, тренингтар ұйымдастырады.