Жақсылық жасаудан жалықпа

26-01-2020

Жақсылық жасаудан жалықпа

Қайырымдылық – бұл бізге басқаларды бақытты етуге көмектеседі. Ол әр адамның жүрегін жылу мен мейірімділікке толтырады. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері қайырымдылық акциясын өткізді. Олар егде жастағы зейнеткерлерге, жалғыз басты жандарға көмек қолын созып, аулаларын қардан тазалап қайтты.

Көмек сұрап хабарласқан зейнеткерлер жастардың тез арада келіп, көмектескендеріне риза болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бір топ волонтерлер аз ғана уақыттың ішінде ауланы айнадай қылып тазалап шықты. Еңбектеріне алғыс ретінде қарттар тәтті шәй беріп, жастарға бата-тілектерін білдірді.

Волонтерлер қайырымдылық жасағандары үшін шын жүректен қуанып, аталған акцияны Павлодарлық достарына @jangyrujoly_pavlodar «Жаңғыру жолы» жастар штабы мен @kogamdyk_kelisim.pvl Достық үйіне эстафета ретінде жолдады.

Жақсылық жасау қиын емес. Керісінше, адамдардың алғысына бөленіп, оларды бақытты қылу – сөзбен жеткізуге келмейтін, керемет әсер! Сондықтан сен де волонтер бол! Біздің қатарымызға қосыл! Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қатарына қосылып, өміріңді жарқын жаққа өзгерт! Жаңа достар тауып, білімің мен қабілеттеріңді жетілдір, шығармашыл бол! Ең бастысы жақсылық жасаудан жалықпа!

Толығырақ ақпарат үшін «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «direct»-ке жазыңыз.