Достық – бұл мен және сен!

31-05-2017

Достық – бұл мен және сен!

1 – маусым халықаралық балалар құқығын қорғау күні аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында 30 мамыр күні «Достық – бұл мен және сен» атты мерекелік шара өтті. Шараға қаламыздың кішкентай тұрғындары қатысты. Мерекелік шара барысында балаларға түрлі викториналық сұрақтар қойылса, мерекелік шараға арнайы келген сыйқыршы балаларға көптеген сиқырлар көрсетті. Сонымен қатар балалар арасында екі командаға бөлініп арқан тарту сайысы жүргізілді. Шараға қатысқан балалар әр қойылған сұрақты мұқият тыңдап барынша жылдам жауап беріп, жеңімпаз атанып сыйлыққа ие болды.  Алдағы жазғы демалыс  қарсаңында ұйымдастырылған шара балаларға жоғары мерекелік көңіл күй сыйлады. Сондай – ақ іс- шара барысында «Улыбка» хореографиялық би тобы мың бұрала билесе, «Ажарым» ансамблінің жетекшісі Гүлзада Хамитова балаларға арнап ән салды.