11-05-2017
Аудандық Қоғамдық кеңестің бастамасымен және аудан әкімі міндетін атқарушы Е.Е.Рахметуллинның қолдауымен Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ауданның этномәдени бірлестік мүшелері мен ардагерлердің Абай ауданына саяхатқа барып, аудан орталығының көрікті жерлерін аралап, тарихи-өлкетану мұражайын аралап, Бөрілі ауылындағы М.О.Әуезовтың мұражайында, Еңілік-Кебек ескерткіші мен Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйінде болды. Шексіз жазық дала, Абай ауданының ғана емес бүкіл қазақ халқының даңқын шығарған, ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарларды өсірген жер ардагерлерді таң қалдырды. Ардагерлердің бақытты жүздерін көргенде, барлығының бойында сапар туралы естелік ұзақ уақытқа сақталатындығын ұқтық, өйткені олар тек Қазақстанның гүлденуі мен бейбітшілікте болғанын қалайды.