13-01-2020
Лео Богданович Шик- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің құрметті төрағасы.
«Хакім Абайдың туған жері дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев
Неміс философиясының классигі И. Кант өз заманында осылай деп түйсе де, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Қазақ ұлтының мақтанышы, философ, ақын, гуманист Абай Құнанбаевтың тұлғасын осы ой барынша ашатыны сөзсіз.
Ағымдағы жылы қазақ елі ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай, мерейтойды кең көлемде атап өтеді.
Абайдың туған жері – шырайлы шығыс. Дәл осы туып, өскен жерінде оның шығармашылық идеялары туды. Оның ұрпақтары хакім Абайды құрмет тұтып, оның қалдырған бай мұрасын қадірлейді.
Облыс орталығына келген кез келген адам Абай ескерткіштерін тамашалап, оның қалдырған мұрасымен сусындайды. Атап айтсақ, Өскеменнің орталық алаңында ұлы Абайдың ескерткіші мен қара сөздерінен үзінділер қала көркін одан әрі келтіріп тұр.
Абайдың ұлттық идеясы туралы түрлі ғалымдар жазып та, айтып та жатыр. Қазақстанның патриоты Григорьев Евгений Иванович болса, ұлы ақын идеясын ерекше құрметпен насихаттады. Ол 1995 жылы Абайдың өмірі мен қызметі туралы очерктері үшін ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі, Журналистер Одағы жариялаған сайыстың жеңімпазы атанды. Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған мерейтойында үздік жарияланымдар үшін, Қазақстан Журналистер Одағының арнайы сыйлығының лауреаты атанды. Евгений Иванович Шығыс Қазақстан жазушыларының мүшесі, әрі «Абай және XXI ғасыр» атты халықаралық клубтың Шығыстағы филиалын басқарады. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бес монографияның авторы. Олар: «Прошу прислушаться к словам моим!», «Светоч степи казахской», «Прометей великой степи», «Адам бол» және тағы басқа еңбектер.
«Адам бол» кітабында Абайдың этникалық-философиялық тұжырымдамасы берілген. Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
деген сияқты философиялық тұжырымдарының үлгісі шығармада үздік көрсетілген.
Бұл Абайдың этикалық-философиялық ілімін жүйелі түрде баяндаудың алғашқы қадамдарының бірі. Неміс философиясының классигі И. Канттың "Үлгілі адам - ұлт үшін үлгі" ережесін негізге ала отырып, Евгений Иванович әрбір қазақстандық өзінің өмірлік іс-әрекетін, ой-пікірлерін және істерін Абайдың рухани-адамгершілік ілімінің идеяларымен салыстыруы тиіс деп айтқан болатын. Ол үшін Қазақстан халқы осы идеяларды біліп, оны ұстануы қажет! Әсіресе бұл қазіргі қоғам үшін өзекті!
Е. Григорьев "Адам бол" курсын оқу орындарының бағдарламаларына енгізуді ұсынды. Жастардың негізгі этикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында, борыш, ар-намыс, ар-ождан, достық және өзара сыйластық, патриотизм және бейбітшілік, жанашырлық, қайырымдылық және өзара көмек түсініктерін дамытудың маңыздылығын айтты.
Евгений Иванович Қазақстанның нағыз патриоты. Ол қай заманда болмасын, жастардың тәрбиесіне аса назар аударып, көңіл бөлді.
Осы орайда ғалымның тұжырымдамаларына мән беріп, оларды тәжірибе жүзінде қолданудың сәті түскендей...