08-11-2019
Жуырда Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында аста-төк дастархан жайылып, келушілер мәз-мейрам болды. Себебі, қонақжай халық – әзербайжандықтар ұлттық тағамдарын ұсынды.
Аталға іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның тарихи мұрасы» жобасын Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында өтті. Әзербайжан халқы ежелден пейілі дархан, қонақжай ұлт болған соң, асханасы ұлттық тағам түрлеріне өте бай. Тіпті, олардың түсінігі бойынша дастарханның көркін келтіретін де, ол - қонақ.
Түрлі, тіл үйірер тағамдардан дәм татуға кез келген қала тұрғыны келе алды. Олар Әзербайжан ұлтының тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық құндылықтарымен танысты. Жиналғандарға долма, кәуап, палаудың түр-түрі және тәттілердің барлығы ұсынылды. Ұйымдастырушылар, әр тағамдардың шығу тегі мен жасалу жолдарын баяндады. Көз тартар әсем ұлттық киімдерде мың бұралған бишілер, дауысы зор әншілер қонақтарды баурап алды. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, сыйлықтар ойнатылды.
Әзербайжан асханасы қазіргі таңда көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген. Сондықтан болар жиналған қауым аталған іс-шарадан ерекше әсер алды