АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму болашағы

11-11-2019

АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму болашағы

Қазақстан – ішкі және сыртқы саяси тұрақтылықты бекем ұстап, жаңғыру жолында үздіксіз дамып келе жатқан мемлекет екені белгілі. Еліміздің астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының "АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму болашағы" деген атпен Азаматтық форум ұйымдастырылды.

Форумға мемлекеттік қызметкерлер, елшілік өкілдері, қоғам қайраткерлер, жастар мен мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі ғылыми және шығармашыл зиялы қауым қатысты. Іс-шараның мақсаты мемлекет пен қоғам арасында толыққанды қарым-қатынас орнату, ынтымақтастықты дамыту және шетелдік достармен тәжірибе алмасу болды. Аталған жиынға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлері қатысып қайтты.

АӨСШК-ге мүше-мемлекеттер "Азиядағы сенім мен ынтымақтастықтың ұлттық көрінісі" атты фото жұмыстарының көрмесін ұсынды. Одан кейін пленарлық отырыстан кейін қатысушылар екі секцияға бөлінді. Бірі "Азаматтық қоғамның даму болашағы", келесілер "Азаматтық қоғамдағы жастар және коммуникация механизмдері" секцияларында азаматтық қоғамның қазіргі кездегі жағдайына қатысты өз пікірін білдірді.

"Азаматтық қоғамдағы жастар және коммуникация механизмдері" секциясының спикерлерінің бірі - "Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы" КММ баспасөз қызметінің жетекшісі Айзада Бибулова болды. Ол жастарға «Әлеуметтік желілердегі коммуникация құпиялары» туралы баяндады.  Сонымен қатар, Ұлы Алтайдың және Достық үйінің тарихынан сыр шертер кітаптар жинағын естелік сыйлық ретінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының кітапханасына табыстады.

Форум «Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана елдегі азаматтық қоғамды жаңа деңгейге көтереміз!» деген ұранмен аяқталды. Қатысушылар алдағы уақытқа азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған іс-қимылдарды жоспарлап, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.