01-11-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы қызметкерлері «Бірліктің алуан түрлілігі: қазақстандық және халықаралық тәжірибе бойынша» атты ғалымдар мен сарапшылардың басын қосқан халықаралық форумқа қатысып қайтты.
Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестік 10 жылдығына арналды. Форумда көпэтносты қоғамдағы қарым-қатынас және көпұлтты қоғамдағы жастардың рөлі бағыттары бойынша пікір алмасты. Қазіргі заманғы этнодемографиялық үдерістер тақырыбы да назардан тыс қалмай, қатысушылар осы және өзге де өзекті мәселелерге өз идеяларын ұсынды.
Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысынан келген ғылыми-сараптамалық топ 10 жыл ішінде атқарқан жұмыстарға есеп беріп, жемісті еңбектерінен көрініс табатын көрме ұсынды.
Халықаралық форумда ұлтаралық өзекті тақырыптар көтеріліп, мемлекет аралық достық серіктестік нығайып, ынтымақтастықтың жаңа қыры ашылды.