30-11-2019
«Казөмәсе» - ежелгі заманнан бері келе жатқан татар халқының басты дәстүрлерінің бірі. Бұл қысқыға қамданып, қаз еттерін жинайтын, сондай-ақ, келешекте қыз баланың жасауына берілетін көрпе-жастық даярлайын шақ. Татарлар басқа ұлттар сияқты қысқыға көтеріңкі көңіл-күймен дайындалып, думандатып атап өтеді.
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» бұл мерекені назардан тыс қалдырмады. Күздің соңғы күндері татар этномәдени бірлестігі барлық салт-жоралғыларды орындап, мерекені ойдағыдай өткізді.
Мерекелік бағдарламада ұлттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдар мың бұрала би биледі. Татар халқының ұлттық нақышта тігілген киімдері көздің жауын алады. Ал, жайылған дастархандағы қаз етінен жасалған ұлтық тағамдар тіл үйіреді. Келген қонақтар дәм татып, мәз-мейрам болды.