29-01-2020
2020 жылғы 21 қаңтар күні еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына байланысты үлкен республикалық дәрежедегі Өкіметтің іс-шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты- Абайды жер жүзіне дәріптеу.
Биылғы Абай жылын ашуға мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың қатысулары елдің түкпір-түкпірінен келген қауымға, бүкіл Қазақстан халқына үлкен ұмтылмайтын серпіліс бергені рас.
Ұлы Абайдың шығармаларын бүкіл жастарға дәріптеу, зиялы қауымның алдына қойған басты мақсаты деп есептеймін.
Аудан жұртшылығымен, мектеп ұжымдарымен кездесу Шығыста бірден басталып кетті. Біздің Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің жанындағы, қоғамдық рухани келісім кеңесінің сарапшылары бірден кітапханаларда, мектептерде, қариялар үйлеріне барып, Өкіметтің Абайды елге дәріптеу үшін қойған талаптарын, Хакімнің шығармаларын, қара сөздерін оқып таныстырып жатырмыз.
Бұл істер тек биыл емес, жылдан-жылға ұжымдардың бағдарламаларында өз орнын табады деп ойлаймын.
А. Аубакиров, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары