«Сібір казактарының тарихы  мен өмірі, мерекелері»

15-02-2020

«Сібір казактарының тарихы мен өмірі, мерекелері»

Казак халқының тарихының тамыры тереңде жатыр. Осы орайда «Сібір казактарының тарихы мен өмірі, мерекелері» атты ғылыми конференция Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында өтті.

Іс-шараға жиналғандарға казак халқының өмірі мен тарихынан, дәстүрінен қызықты деректер келтірілді. Шығыс Қазақстан облыстық мұражайы мен кітапханасының қызметкерлері тарихи кітаптар және құжаттармен бөлісіп, бағалы экспонаттарды көрсетті. Семей, Өскемен қаласындағы ұлы казак тұлғаларының ерен еңбектері баяндалды. Бұл казак этносы үшін өте пайдалы болды. Себебі олар ата-бабаларының тарихын біліп, тың ақпаратпен сусындады.

Облыстық этнографиялық мұражайының қорында сақталып жатқан Алтайдан (қазіргі ШҚО, Катон-Қарағай ауданы) табылған Покров шіркеуінің заттары қатысушылар назарына ұсынылды. Одан бөлек казак әндерінің шығу тектерімен танысып, «Товарки» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалады.

Жиын соңында «Жоғарғы Ертіс казак қоғамының» атаманы Виктор Шаронов Сібір казактары туралы тың ақпараттарды білудің маңыздылығын жеткізіп, казак халқының тарихы мен мәдениеті жолындағы зерттеу жұмыстары жалғасын табатынын айтты.