20-04-2017
Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында 8 наурыз халықаралық аналар мен арулардың мерекесіне арналған қаламыздың ең өнерлі балаларының қатысумен жоғары дәрежедегі көлемді концерт өтті.Шараға қатысушы барлық аналарды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев, Достық үйі-қоғамдық келсім орталығының директоры Э.Т.Төлеубеков құттықтады.Өнерлі бүлдіршіндер аналарға арналған мерекенің көркін аша түсті. Шара барысында бала жүрегінен шыққан шынайы тілектерімен, тамаша өнерлері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.