Күз аруы - 2019

24-11-2019

Күз аруы - 2019

Коңыр күз күңіренетін кез емес. Бұл жаңа мүмкіндіктердің, жаңа талаттардың ашылатын шағы.

Шемонаиха ауданында жыл сайын «Күз аруын» таңдайды. Дәстүрге айналған шараға ауданның талантты, әрі ақылы көркіне сай сұлулары өзара сайысады. Мәдениет үйінде өткен сайысқа 15-25 жас аралығындағы арулар қатысты. Олар «күз» тақырыбына арналған көз жауын алар әсем көйлектер тігіп, өнерлерін ортаға салды. Кеш жүргізушісі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Валентин Алифанов әр аруды ерекше таныстырып, сайыстың ажарын келтірді. Ал, аудан өнерпаздары Екатерина Бейсембаева, Нурболат Раисов, Марина Тыщенко әуезді әндерімен қатысушыларға қолдау көрсетті.

Аталған сайыстың ұйымдастырушысы Достық үйі жанындағы «Вместе» жастар клубының жетекшісі Марине Тыщенко. Аудандағы ұлттар арасындағы ынтымақты нығайтуда, әрі жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыруда, оларды қоғамдық өмірге белсене қатыстыруда Марине Тыщенконың үлесі зор.