Өңірлік БАҚ өкілдері және журналистика мамандығының студенттерімен дөңгелек үстелі

20-12-2019

Өңірлік БАҚ өкілдері және журналистика мамандығының студенттерімен дөңгелек үстелі

«Баспасөзі мықты елдің — келешегі зор» деп өткен ғасырдың басында Алаш арысы Міржақып Дулатов бекер айтпаған шығар. «Кім ақпаратқа ие болса — сол әлемді билейді» деген де түсінік бар. Демек, қоғамдық өмірде ақпараттың алатын орны өте жоғары. Онда сол ақпаратты жинап, халыққа тарататын – журналистің қоғамда өзіндік орны бар екені даусыз.

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында өңірлік БАҚ өкілдері және журналистика мамандығының студенттерімен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Андрей Кратенко «Журналистер клубының» қызметі туралы баяндап, студенттерді клубқа қабылдады. Аталған клубта болашақ журналистер білім көкжиегін кеңейтіп, тәжірибе алмасады.

Дөңгелек үстелде шешендік өнердің маманы Вера Правдина жиналғандарға шеберлік сағат өткізді. Жас журналистер мен тәжірибелі мамандарға дауыс ырғағын салу және сауатты, әрі әдемі сөйлеудің құпияларымен бөлісті.

Соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарын ақпараттандыруда сенімді серіктестік орнатқан БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.