10-наурыз Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығару күні

20-04-2017

10-наурыз Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығару күні

10-наурыз, жалпыреспубликалық бірыңғай күнінде Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған дөңгелек үстел өтті.Шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктер, Шығыс Қазақстан облыстық сотының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің, әділет басқармасының, ішкі саясат басқармасының, «Нұр Отан» партиясы филиалының, денсаулық сақтау басқармасы және  білім басқармасының, ғылыми сраптамалық тобы, жастар лигасының  өкілдері қатысты.Отырысты ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев аштты. Жиын барысында сөз алған ҚР  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Б.К. Камалов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі өз үндеуінде бұл үдеріс ел дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатындығын, сонымен қатар конституциялық реформа еліміздің болашағы үшін жасалынып отырған оң шешім екендігін атап өтті.Отырысқа қатысушылар да Елбасының бұл жолғы бастамасын бір кісідей қолдайтындықтарын және де алдағы уақытта ата заңның айбыны арта түсетіндігіне сенімді екендіктерін жеткізді.