18-02-2020
Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар, мектеп оқушылары мен БАҚ қатысты. Кітапхана ұжымы көрермендер назарына Абай шығармаларынан кітап көрмесін ұсынды.
<span style="font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, " open="" sans",="" "helvetica="" neue",="" "noto="" sans="" armenian",="" bengali",="" cherokee",="" devanagari",="" ethiopic",="" georgian",="" hebrew",="" kannada",="" khmer",="" lao",="" osmanya",="" tamil",="" telugu",="" thai",="" sans-serif;="" font-size:="" 13px;="" background-color:="" rgb(255,="" 255,="" 255);"="">
Мерекелік кештің шымылдығын «Шабыт» студенттер театрының өнерпаздары ашты. Олар Абай қара сөздерін оқып, қойылым қойды. «Ақниет» ансамблі болса, Абайдың танымал туындыларын нақышына келтіре орындап, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. - Біз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін, ақ жаулықты аналар болған соң, Абайға арнап кеш ұйымдастыруды жөн көрдік. Кешке әсіресе жастарды, оқушыларды тартуға тырыстық. Жастардың қазақтың ұлы ақынын білуі, шығармашылығын тануы маңызды, - деді «Ақниет» вокалдық ансамблінің жетекшісі Гүлшат Смағұлқызы.
Кеш Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақ-жауаппен жалғасын тапты. Жиналған оқушылар ерекше белсенділік танытты. Тіпті, Абайдың өлеңдерін жарыса оқып, қара сөздерінен үзінді айтты. Кітапхана ұжымынан сұраққа дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар таратылды.
Соңында «Ақниет» ансамблін құттықтап келген «Атамұра» ансамблінің ақсақалдары Абай Құнанбайұлына арнау арнады. Кеш «Желсіз түнде жарық ай» әнін жиналғандар қосылып, әуелетіп ән шырқаумен аяқталды.