20-04-2017
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Ұлан ауданы Украинка ауылының тұрғындарына Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми сараптамалық топ мүшелері жалпыреспубликалық акция шеңберінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының тиімді тұстары мен ерекшеліктерін, сонымен қатар жолдаудағы басымдықтар берілген бағыттарды ауыл тұрғындарына кеңінен таныстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Шара барысында сөз алған Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков жолдаудың еліміздің дамуына бастар басты құжат, айқын бағдар екендігіне тоқтала келе, қатысушыларды алда келе жатқан 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтады.