13-06-2017
2017 жылдың маусым айының 12 күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысымен Металлургтер мәдениет сарайында «Жалған мен шындық» қойылымының көрсетілімі болып өтті. Спектакльдің мақсаты – жалған дін ұстанушылардың қоғамда іріткі салушы іс-әрекеттерін әшкерелеу. Сонымен қатар, қойылым барысында ұлттық, адамгершілік, отбасылық құндылықтар маңыздылығы көрсетіледі, –деп өз сөзінде атап өтті шара барысында сөз алған, ШҚО діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлім басшысы А.Е. Тұрғанбаев. Өзекті тақырыпқа арналған қойылымға қала тұрғындарының жастарынан бастап ақ самайлы ата-әжелерге дейін жиналды. Соның ішінде, қазақ халқы мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, дінін қалпына келтіруді, ұлтаралық қатынасты нығайтуды және қоғамдық рухани құндылықтарды дамытуды дәріптейтін Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігі, ақсақалдар алқасы «Атамұра» ансамблі мүшелеріде көрермендер қатарынан табылды.