17-02-0202
«Волонтерлер жылы» аясында ҚХА волонтерлер қозғалысының, «Келісім» атты медиация бағыты бойынша екпінділері колледж студенттеріне семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында «Медиация» түсінігінің негізгі мақсатын түсіндіру. Спикерлер жастарға қақтығысты бейбіт жолмен шешу, күрделі мәселелердің алдын-алудың әдіс-тәсілдерін айтып, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнатудың сырларымен бөлісті.
Жастар семинарда қызықты әрі тың ақпараттарды игеріп, топта жұмыс істеді. Олар «Медиация» жайлы біліп қана қойған жоқ, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын тренингтарға қатысты. Владислав Артаманов қатысушыларға мықты тұстарын табатын, қызықты тренинг ұйымдастырды. Бұл оларға жаңа серпін беріп, ерік-жігерлерін арттыра түсті.
Соңында студенттер волонтерлер қозғалысының жұмысына қызығушылық танытып, ҚХА волонтерлер қатарына қосылуға ниет білдірді.