13-09-2019
Семейде ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында мәдени шара өтті.
Халықаралық «Асыл мұра» фестивалі аясында қазақ ұлттық сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. «Жеңіс» саябағына жиналған халық облыстың түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалады.
Аталған көрмеге жиналған қауым қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен таныс болды. Тіпті, шеберлік сағаты өткізіліп, киіз басу, алаша, ши тоқу, құрақ құрауды үйренді. Қазақ халқының мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілген көрме ешкімді бей-жай қалдырмады. Көрмені тамашалағандар өткен ғасырға сапар шегіп, атадан мирас болып қалған баға жетпес құндылықтарымызбен сусындады.