29-09-2019
Еврей халқының сенімі бойынша қыркүйектің соңы мен қазан айының басы Жаңа жыл мерекесі. Осы орайда «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Сион» еврей этномәдени бірлестігі жыл басын қарсы алды.
«Рош ха-Шана» еврей халқы үшін қасиетті мейрам. Бұл күні олар бір-біріне ақ тілектерін жаудырып, жылымыз балдай тәтті өтсін деген мақсаттабалға батырып алма жейді. Қошқар мүйізінен жасалған ұлттық үрмелі аспаптары – шофарда ойнайды.
«Сион» еврей этномәдени бірлестігі барлық бірлестік мүшелерінің басын қосып, ұлттық салт-дүстүрді дәріптеуге арналған ойындар мен сайыстар ұйымдастырды. Көпті көрген қариялар жас ұрпаққа еврей халқының тарихын айтып, аталмыш мерекенің маңыздылығын түсіндірді. Балалар барлық сайыстарға белсене қатысып, ұлттық "Хава нагила", "Тумбалалайка", "Ломир зинген"сынды әндерін шырқады. Мереке соңында дәстүр бойынша тәтті сыйлықтар таратылып, барлығы мәз-мейрам болды.