24-04-2017
Ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні Достық – үйі қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА ғылыми - сараптамалық тобының ұйтқы болуымен шекаралық және ауданаралық мәдениетті алмасу тақырыбындағы толерантты жастар мектебінің кезекті VIII сессиясының ашылуы өтті. Шараның мақсаты «Жастар арасындағы төзімділік пен диалог мәдениетаралық кеңістігін қалыптастыру» болып табылды. Отырысты ШҚО ҚХА ғылыми - сараптамалық тобының жетекшісі Краснобаева Н.Л ашты. Өз кезегінде сөз алған Достық – үйі қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Доценко О. Б қатысушыларды кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Шараға қатысушы қаламыздағы жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттері мен ШҚО ҚХА ғылыми - сараптамалық тобы мүшелері тақырып шеңберінде ғана ой өрбітіп қоймай, сондай–ақ жақында ғана Елбасы Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын да талқылап, өз ойларын білдірді. Аталмыш шараның 21 сәуір күні жабылу салтанатына орай шараға белсене қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.