04-11-2019
Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде «Social Assembly» атты республикалық жастар форумы өтті.
Талантты жастардың басын қосқан форумға әр аймақтан 100-ге жуық жастар жиналды. Шығыс Қазақстан облысы атынан Өскемен қаласы «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» жас қызметкерлері қатысып қайтты. Олар аймақтағы Жастар жылының қорытындысы бойынша бейнеролик таныстырып, жұмыс қорытындысына есеп берді. Сонымен қоса, SMM технологиялары туралы стартап-жобасын қорғап, ақпарат таратудың тың әдісін көрсетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастарын қолдауға «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, мемлекеттік қызметкерлер, ҚХА төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Жансейіт Түймебаев арнайы келді. Кәсіби спикерлар тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренингта жастарды жігерлендірді. Соңында қатысушылар келесі «Еріктілер жылына» байланысты өз ұсыныстарын білдірді.