20-04-2017
Наурыз жыл басы, жақсылықтың, жаңашылдықтың бастауы. Бұл мерекені біздің еліміз ежелден бері, үзбей тойлап келеді. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы «Наурыз» мерекесін жоғары сән салтанатпен атап өтті. Шараға барлық этномәдени бірлестік өкілдерімен, қала қонақтары қатысты. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келген жұрт жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсындағы басты тағам – Наурыз көжеден дәм татып, ризашылығын білдіріп жатты.Этномәдени бірлестік жетекшілері және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Т. Төлеубеков шараға жиналған жұртты наурыз мерекесімен құттықтап, елімізде тек тыныштық болып, әрқашан осылай бір шаңырақ астында татулықпен бірлікте күн кеше берейік, еліміз қуатты, бірлігіміз тұрақты болсын - деді өз сөзінде.Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарының қатысуымен, әсем әндер мен нақышты мың бұралған бишілердің билері көрермен қауымның көңілін көтеріп, шараның шырайын аша түсе, түрлі мерекелік ойындарға көрермендер белсене қатысып, сыйлықтарға ие болды.