16-06-2020
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында ШҚО азаматтық Альянсымен кездесу өтті. Кездесуге қоғам қайраткерлері мен ШҚО ҚХА еріктілері қатысты.
Мамандар «Жастарға start-up жобаларды дамыту» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. ҚХА еріктілерінің бизнес-жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Осы отырыстың тәлімгерлері болып «ШҚО азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Ольга Бобрышева мен «ШҚО азаматтық Альянсы» ЗТБ бағдарламалық үйлестірушісі Руфид Ахмедзянов қатысты.
Өткен семинарда жүргізушілер start-up жобаларды дұрыс бастаудың тәжірибесі мен өз жобаларын қалай дұрыс таныстыру керектігін, және жобадағы қаржылай көмек жайлы айтып берді. Бұл сабақ өте түсінікті және жақсы көңіл-күймен өтті. Менторлар мен барлық қатысушылар практикадан өз жағдайларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Берілген идеялармен танысқаннан кейін, еріктілерде жобаларға қатысып, бизнес саласындағы арман-мақсаттарын орындауға деген құлшыныс пайда болды.