06-09-2019
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасындағы тілдер мерекесінде Достық үйінің орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Русская песня» хорының солисі Михаил Хохлов арнайы барып, өнер көрсетті.
Кітапханаға жиналған ерекше жандар тіл туралы өлең-жырларды жарыса оқыды. Тілдер туралы қызықты деректер айтылып, кітаптар көрмесі болды. Жарық дүниені көре алмаса да, бойына өнер тұнған жандар патриоттық әндер айтып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Әнші Михаил Хахлов болса мерекенің ажарын келтіріп, ұлттық әндерімен ерекше жандардың көңілін аулады.