Необычный концерт.

20-04-2017

Необычный концерт.

27 қаңтар күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан Корейлер ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 – сессиясы қарсаңында концерттік кеші өтті.Шара, Корей этносының Қазақ жеріне қоныстанғанына 80 жыл, Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының 25 жылдық мерей тойына арналды. Кеш барысында танымал Оңтүстік Кореядан келген «Norym Machi» барабаншылар тобы өнер көрсетті. Барабаншылардың өнеріне көрермендер тоқтаусыз шапалақ соғып ерекше қолдау білдірді. Сонымен қатар өзгеде шығармашылық топтардың тамаша билері мен ән шашулері кештің көрігін қыздыра түсті.Шара соңында Көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған «Norym Machi» барабаншылар тобына Достық үйінің атынан алғыс хат табысталды.Сонымен қатар алдағы уақытта Достық үйінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жыл көлемінде жалғасатын болады.