Мәдени волонтерлік

21-01-2020

Мәдени волонтерлік

Алтай ауданының ҚХА волонтерлар қозғалысы орталығында "Мәдени волонтерлік" жобасы іске қосылды. Жоба өткен жылдың күзінде қолға алынып, аз ғана уақыттың ішінде едәуір нәтижеге жетті.

Мәдени волонтерлік - бұл мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуына белсене қатысатын ұйым. Алтай ауданының волонтерлері өткен жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі адамдар мен егде жастағы қарттарға мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ал, Жаңа жылда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп, дарынды балаларға арналған «Зажгись огнями яркими» атты орталық алаңда таңғажайып акция өткізді. Әрине, Республика көлемінде ұйымдастырылған ҚХА волонтерлік қозғалысы орталығының біріңғай ашылу күнінен де қалыс қалмады.

Мәдени волонтер атанған жастар, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды үйреніп, шығармашылықпен айналыса отыра, жан-жақты дамиды. Бастысы жетістікке жету жолында волонтер үшін оны шабыттандыратын, рухани байытатын жұмыс тауып, өзін «Мәдени адам» ретінде сезіну. Бұл орайда Волонтерлар жылының Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың мерейтойын тойлаумен қатар келуі ықпал етері сөзсіз.